Уалбай Өмірбаев
Уалбай Өмірбаев (1960 жылы 7 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге келген) - қазақ математигі. 1973-1977 жылдары Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқыған. 1977-1982 жылдары Новосібір мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің студенті болған. 1982-1985 жылдары Новосібір мемлекеттік университетінің аспирантурасында білім алған. 1986 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1986-1989 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары алгебра кафедрасының ассистенті болып бастаған. 1989-1991 жылдары ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, 1991-1995 жылдары доценті атанған. 1995 жылы ғылым докторы дәрежесіне қол жеткізген. 1995-2001 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі информатика кафедрасының меңгерушісі болған. 2001 жылдан бастап ЕҰУ-да алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып жүр. 2007 жылдан бері Детройттағы
...
Читать дальше »